Түркістан
EN

Қарағандыда балалар белгісіз токсинді заттан уланған болуы мүмкін

107
08.08.2023

Қарағандыда балалар белгісіз токсинді заттан уланған болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Ерекше балалардың неден уланғаны туралы алдын ала эпидемиологиялық тексеру нәтижелері шыққан. Олар тамақтан уланбаған. Зерттеу нәтижесі белгісіз токсинді затты көрсеткен. Қазір сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Дәл қазір ауруханаға түскен 14 ерекше баланың жетеуі сауығып, ауруханадан шыққан. Ал, 6 бала жансақтау бөлімінде жатыр. Оның екеуінің тыныс алуы нашар, жағдайлары өте ауыр. «Ал қалған 4 баланың денсаулығы біршама жақсара түскен», - дейді министр.