Түркістан
EN

Балтакөл ауылының 3 көшесі толықтай жөндеуден өтті

381
08.08.2023

Отырар ауданына қарасты Балтакөл елді мекенінің 3 көшесі толықтай жөндеуден өтті. Аталған жұмыстар «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында  жергілікті бюджет есебінен іске асқан. Осы күнді ұзақ күткен ауыл тұрғындары да дән риза. Жолды жөндеуге 15 жұмысшы мен 10-нан астам техника жұмылдырылған. Балтакөл ауылында 20-ға жуық көше бар. Бүгінде оның 75 пайызына асфальт төселген.