Түркістан
EN

Түркістандағы ойын алаңшалары балалар өміріне қауіп тудыруда

102
22.09.2021

Түркістандағы әкімшілік іскерлік орталық тұрғындары, үй ауласындағы құрылыста  қауіпсіздік талаптары сақталмаған деп дабыл қағуда. Айтуларынша көпқабатты үйлердің алдында жылу жүйесін жүргізу үшін қазылған жерлер ешқандай қоршаусыз, үңірейіп жатыр .  Тіпті қоршауы жоқ орға қараңғыда түсіп кетіп аяқ-қолын сындырып алғандар да бар көрінеді. Тұрғындардың мазасын қашырған жағдай туралы жауапты сала мамандары не дейді? Мәселенің мән-жайын тілшіміз анықтап көрді.