10 жастағы балаға футбол қақпасы құлап қайтыс болды
61
08.08.2023
Оқушыға футбол қақпасы құлап, қайтыс болды. Қайғылы оқиға елордадағы мектептердің бірінің ауласында болған. Мұны білім басқармасы растап отыр. 10 жастағы оқушы алған жарақатынан көз жұмды. Қазір бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.