Елімізде орташа жалақы 17,1 %-ға өсті. Ұлттық статистика бюросы бір жылда қазақстандықтардың еңбекақысы қалай өзгергенін мәлімдеді. Бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда ақпарат және байланыс саласында орташа жалақы 36 пайызға өскен. Бұл – ең жоғарғы көрсеткіш. Сондай-ақ, еңбекақы көлік және қойма, көтерме және бөлшек сауда саласында өскені байқалады. Ал, жалақы көлемі былтырғы екінші тоқсанмен салыстырғанда құрылыс, білім беру, сондай-ақ, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласында біршама төмендегені тіркелген. Өңірлер арасында орташа айлық атаулы жалақының ең жоғарғы өсімі Ұлытау облысында тіркелсе, ең төменгі өсімі Түркістан облысында.