Биыл Түркістан облысында 3 млн. тоннадан астам күзгі өнім жиналады. Диқандардың айтуынша, биыл дәнді-дақылдардың шығымы жақсы. Бүгінгі күнге жаздық дақылдардан 200 мың тоннаға жуық көкөніс, 70 мың тоннадан астам картоп, 170 мың тоннадан астам бақша өнімдері жиналған. Алайда, шаруа қожалық иелерінің мәселелері де жоқ емес.