Астанада тәртіп сақшысы суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды. Оқиға елордадағы қоғамдық бассейндердің бірінде болды. Бала өмірін құтқару сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеодан суда ес-түссіз жатқан баланы құтқарушы қыздың шығарып жатқанын байқауға болады. Кейін оны ер адам жерге көтеріп жатқызады. Сол сәтте көмекке демалушы әйелдердің бірі келеді. Белгілі болғандай, балаға алғашқы медициналық көмек көрсеткен әйелдің есімі - Назым Шәріпова. «Есіл» ауданының полиция басқармасында қызмет ететін тәртіп сақшысы бассейнге отбасымен демалуға барған.