Шымкентте самокат мінген азаматтан аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі тәркіленді. Қала аумағында рейд жүргізу кезінде қараңғы көшеде самокатпен кетіп бара жатқан жас жігіттің жүрісі күдік тудырады. Тексеру барысында полицейлер оның сөмкесінен бір реттік доза салынған синтетикалық есірткінің 20 орамын және оны жасыру үшін жерді қазуға арналған пышақ табады. Ал оның пәтерін тінтігенде 120 грамм ұнтақ тәрізді психотроптық зат салынған пакет, 2 таразы және 19 есірткі орамын тауып, тәркіледі. Қазір ер адам тергеу изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.