Түркістан
EN

Түркістан облысында жылыжай шаруашылықтарын қолдау күшейтілді

179
07.08.2023

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жылыжай шаруашылықтарын қолдау күшейтілді. Облыс басшысы бұл салаға жан-жақты қолдауды күшейтіп, жаңа жобалардың жүзеге асуын толық бақылауында ұстап отыр. 2024 жылдан бастап жылыжайларда пайдаланылған электр энергиясы мен газ шығындары ішінара субсидиялау қарастырылады. Облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының төрағалығымен жылыжай қауымдастығы және қоғам белсенділерінің қатысуымен жылыжай шаруашылықтарын қолдау мәселелері талқыланды. Тиісінше, «Фермерлік жылыжайларға жалпы техникалық талаптарының мемлекеттік стандарты» бекітіліп, өнеркәсіптік жылыжайлармен қатар, фермерлік жылыжайларда енді  субсидияланады. Қазіргі таңда бұл бағытта  арнайы жұмыс тобы құрылып, шарауларға түсіндірме жұмыстарын жүргізуді бастайды.