Түркістанда «Шала бандиттер» фильмінің премьерасы өтті. Комедия жанрында түсірілген фильм тек күлкі ғана емес, көрермендерге отбасы құндылықтары жайлы терең ой сыйлайды. «САҚ» киностудиясы түсірген туынды алғаш болып Түркістан халқының киносүйер қауымына жол тартты. Алдағы уақытта еліміздің әрбір қаласында тұсаукесер өткізу жоспарлануда.