Түркістан
EN

Шардара су қоймасына қауіп төніп тұр

87
04.08.2023

Шардара су қоймасында су қоры күн санап кеміп барады. Аталған жағдай Шардара су электр станциясы жұмысының тоқтауына, су қоймасындағы балықтардың қырылуына алып келуі мүмкін. Сондай-ақ саяздану салдарынан қоршаған орта зардап шегіп, адамдардың денсаулығының нашарлап, қала халқының сапалы су көзінен айырылуы да ықтимал. Аталған мәселе бүгін кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл кеңесінің отырысында қаралды.