Сауран ауданы бойынша 36 елді мекеннің 32-сі ауыз су құбырымен қамтылған. Осылайша тіршілік нәрімен қамту көрсеткіші – 88,9% пайызды құрап отыр. Мәселен, биыл Аша елді мекенінде 522 үй ауыз су жүйесіне қосылды. Ескі Иқан, Шорнақ, Қосмезгіл елді мекендерінде жаңадан қоныстанған аумақтарды ауыз сумен қамту мақсатында сметалық құжаттары әзірленуде. Ауыз су жүйесімен қамтуға құрылыс жұмыстарын жүргізу экономикалық жағынан тиімсіз деп танылған 3 елді мекенге кешенді блок модуль орнату жоспарланған.