"Бес күн болды, құбырымыздан бір тамшы су шықпай, қаңсып тұр". Түркістан қаласы, Алпамыс батыр көшесінің тұрғындары бізге осылай шағымданды. Алайда мәселенің мән-жайын білмекке тілшімізді жібергенде, жауапты мамандар судың тоқтағанына бес күн емес, үш күн болғанын және оның тұрғындарға алдын ала ескертілгенін айтты. Бұған себеп ескі құбырларды жаңартып, көшелерді кеңейтіп жатырмыз деген олар жөндеу жұмыстарын айтылған уақыттан кешіктіргені үшін тұрғындардан кешірім сұрады. Ауызсуды көп ұзамай қосуға уәде берді.