Түркістан облысының экологиялық ахуалын жақсартуға және ауыл шаруашылығындағы мәселелерді шешуге шетелдік ғалымдар да үлес қосады. Түркістанда ауыл шаруашылығы саласындағы ғалымдары мен қызметкерлері бас қосқан халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды. Оған өз еліміз ғана емес, Өзбекстан, Пәкістан, Үндістаннан ғалымдар қатысуда. Сала мамандары аймақтағы экологиялық проблемалардың себеп-салдарын анықтап, мәселені шешудің жолдарын іздеуді мақсат етіп отыр. Жиында кейінгі жылдары аймақта қатты сезіліп жатқан су тапшылығы мәселесіне ерекше ден қойылды. Айта кетерлігі, іс-шара Түркістан облысының 5 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.