Түркістан
EN

Түркістанға ерекше мәртебе беріледі

133
03.08.2023

Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы заң жобасы қоғамдық талқылауға ұсынылды. Аталған құжат-Түркістан Қазақстан Республикасының рухани және тарихи орталығы ерекше мәртебесіне ие, Түркістан облысының әкімшілік орталығы болып табылатынын белгілейді. Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген заң жобасы қабылданған жағдайда қала әкімдігі мен мәслихатына қосымша құзыреттер беріледі. Ал бұл тұрғындардың күрделі мәселелерін тез арада шешуге мүмкіндік береді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы, сауда және қызмет көрсету бағытындағы мәселелер қала деңгейінде дербес шешілетін болады. Құжат 23 тамызға дейін ашық талқылау үшін Ашық Нормативтік Құқықтық Актілер сайтында жарияланды.