Түркістан
EN

8 мектеп жаңа оқу жылына дайын емес

97
03.08.2023

Түркістан облысында 8 мектеп жаңа оқу жылына дайын болмай шықты. Бұл туралы баспасөз отырысында  Түркістан облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Жанар Сатыбалдықызы мәлімдеді. Жоспар бойынша аталған мектептердің 5-еуінде жөндеу жұмыстары тамыз айында біту керек болған. Алайда күрделі жөндеу жұмыстары әлі аяқталмаған. Ал, үш мектептің балаларға мемлекеттік лицензиясыз білім беріп келгені анықталды.