Түркістан
EN

Облыс әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

191
03.08.2023

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды. Бұл лауазымды қызметті енді Зұлфұхар Жолдасов атқарады. Зұлфұхар Сансызбайұлы 1976 жылғы туылған, білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік университетін «құқықтану» және Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «эколог» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын прокуратура саласынан бастаған. Сонымен қатар Қоршаған ортаны қорғау, энергетика, экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінде басшылық қызметтерді атқарған. Зұлфұхар Жолдасовты облыс активіне таныстырған өңір басшысы оның жұмысына сәттілік тіледі.