Созақ ауданын ел шөлейтті аймақ деп таниды. Соған қарамастан теріскей өлкесінде сусыз жерде балық өсіріп, кәсібін дөңгелетіп отырған шаруа бар. Нұрахмет Қазақбаев осы көктемнің өзінде 180 тонна өнім алыпты. Кәсіпкердің сыры неде? Балықтарды қалай асырап жатыр? Тілші репортажынан көрейік!