Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасынан құрылған ақпараттық-насихат тобы Ташкентке барды. Бұдан былай Түркістан облысының туристік бағыттары Ташкент облысының барлық аудан, қалаларында насихатталады. Түркістан өңірінде де дәл солай Ташкент облысының туристік әлеуеті кеңінен ұсынылады. Осылайша діні, тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрі ұқсас екі ел бір-бірімен өзара қарым-қатынасты қуана қабыл алды. Сондықтан турист алмасу және олардың санын арттыру бойынша шараларды бірлесіп атқарады. Бұған Түркістан мен Ташкент облыстарының жауапты басқармалары қол қойды. Екі тарап та әуелі көлік қатынасын жолға қою керектігін алға тартты. Онда әуе рейстерін ашу, автобустар қою мәселелерін қамтыды. Ташкент облысының әкімдігі мұны жіті бақылауға алатын болды.