Түркістан облысында 13 мыңнан астам жүргізуші сырттан әкелінген автокөліктерін тіркеп үлгерген. 6 мыңға жуық азамат түрлі шектеулерге байланысты темір тұлпарларын заңдастыра алмай қалған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Алмасхан Тастанбеков мәлімдеді. Еске сала кетейік, елімізде 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік көліктерді заңдастыру 23 қаңтарда басталып, 1 шілдеде аяқталған еді. Науқан басталғалы қазақстандықтар сырттан әкелінген 196 мыңнан астам автокөлікті тіркеп үлгеріпті. Алдағы уақытта ішкі істер министрлігінде заңдастыру мерзімін ұзарту мүмкін емес екендігі бірнеше рет атап өтілген.