Түркістан
EN

Көпқабатты үй тұрғындары 10 күннен бері сусыз отыр

98
31.07.2023

«10 күннен бері үйімізде су жоқ», «Шіліңгір шілдеде ішерге су таппай, не жуына алмай отырмыз!», «Тіпті дәретке шығудың өзі мұңға айналды!». Жаңа қала шағын ауданының тұрғындары телеарнамызға осылай хабарласты. Нақтырақ айтсақ, 11 көшеде орналасқан 23/1 үйдің иелері аптап ыстықта тіршілік нәрі неліктен тоқтап қалғанын түсінбей дал. Мәселенің мән-жайын тілшіміз Назым Қайратқызы анықтап қайтты.