Түркістан облысында ақ халатты абзал жандар тапшы. Өңірде әсіресе лор, кардиохирург, травматолог, кардиолог, онколог, нефролог, жедел жәрдем мамандары жетіспейді. Мұның басты себебі – резидентурада оқыту мерзімінің ұзақтығында болып отыр. Биыл медицина саласына алғаш рет 60 грант бөлінген. Аймақ басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. «Дені сау ұлт» жобасы аясында биыл елдімекендерде 11 медициналық нысан пайдалануға берілген.