Тәжікстанда Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті сессиясы өтті

104
16.09.2021 21:52

Душанбеде Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы басталды. Жиынға Қазақстан, Тәжікстан, Беларусь, Қырғызстан президенттері мен Армения премьер-министрі қатысып жатыр. Тараптар Ауғанстандағы ахуал мен экстремизм, террорлық топтарды жою, кибер қылмыстар, биологиялық қауіпсіздік пен есірткі тасымалын тыю мәселелерін талқылауда. Өз кезегінде Қазақстан Президенті Ауғанcтан босқындарын және елдеріміздің аумағында шетелдің әскери базасын орналастырудың тиімсіздігі туралы айтты. Сондай-ақ  Ауған жеріндегі қазіргі ахуалдың ушығуына алаңдайтынын білдірді. Оның пікірінше, осы елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай гуманитарлық дағдарысқа қарай бет алған.