Түркістан
EN

Аланиядағы жол апаты: Екі қазақстандық туристке ота жасалды

87
31.07.2023

Түркияның Алания аумағында болған жол апатынан екі қазақстандық жарақат алып, оларға ота жасалды. Туристерді тасымалдаған көлікте болған тағы 10 отандастың, оның ішінде 4 баланың жағдайы қанағаттанарлық, өміріне еш қауіп жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Еске сала кетейік, 30 шілде күні таңертең Аланияда Қазақстанның 12 азаматы мінген шағын автобус жол-көлік оқиғасына ұшырады. Түрік полициясынан алынған алдын-ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі жоғары жылдамдықпен келе жатып жүк көлігін соққан.