Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданында жаңа көпір пайдалануға берілді. "Бұл жұртшылықтың көптен бергі арманы болатын",- дейді ауыл ақсақалдары. Өйткені бұған дейін өткел болмаған соң жұрт жолсыз жермен, су кешіп өтуге мәжбүр болыпты. Жылдар бойы жол азабын тартқан тұрғындардың қуанышымен тілшіміз де бөлісіп келді.