Соңғы жылдары Түркістан облысында жаңбырлатып суару әдісі кеңінен қолданыла бастады. Ондағы мақсат – шаруаларға өңірдегі ағын су тапшылығын сездірмей, мол өнім алуына ықпал жасау. Бүгінде бұл әдіс 10 мың гектар аумаққа қолданылып келеді. Ал, бір ғана Созақ ауданында соңғы 3 жылда 300 гектардан астам жер жаңбырлатып суару арқылы өнім берген.