Түркістандық кәсіпкерлерге 6 айда 1 жарым млнға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның 196-сы пошта қызметі арқылы жүзеге асты. Сондай-ақ, салық және кеден саласында көрсетілген қызметтер бойынша салық есептілігі нысандарын қабылдау – 524 243, жеке тұлғалардың банкроттығы – 7 214 құрайды. Бүгінде салық төлеушілермен Мемлекеттік кірістер басқармалары арасындағы байланыс 99% электрондық тәртіпке көшкен. Бұл дегеніміз салық төлеушілердің уақытын үнемдеп, сапалы қызмет алуларын қамтамасыз етеді. Жалпы, Республика бойынша Түркістан облысы ең көп дара кәсіпкерлер тіркелген аймақ.