Түркістан облысының басқарма басшылары мен аудан әкімдері Шымкент қаласындағы тергеу изоляторын аралады. Осылайша сыбайлас жемқорлықпен күресушілер шенеуніктерді оңай олжаға құныққан жазасын өтеушілердің темір тордың арғы жағындағы өмірімен таныстырып, парадан аулақ болуын мақсат тұтқан. Лауазымды тұлғалармен бірге тергеу изоляторына тілшіміз де барып келген еді.