Түркістан
EN

Алматыда оқу-жаттығу кезінде әскери қызметкер қаза тапты

104
17.09.2021

Алматы облысында парашютпен секіру кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшісі қаза тапты. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қайтыс болған офицер капитан шенінде болған. Ол 1990 жылы дүниеге келген. Марқұм бұған дейін 50-ге жуық парашютпен секіруді орындаған. Штаттан тыс парашютті-десант құтқарушылар тобының құрамына кірген. Қазір қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталуда. Өзге ақпарат туыстарының өтініші бойынша жария етілмейді. Қорғаныс министрлігі әскери қызметшінің жақындары мен туыстарына көңіл айтып, тиісті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.