Түркістанда автогаз тапшы. Кей бекеттер талон талап етсе, енді бірі шектеу қойып қойған. Мүлде сатпай қойғандары да бар. Осының кесірінен темір тұлпар тізгіндегендер бірнеше күннен бері қаңтарылып қалдық дейді. Түнгі уақытта сата қалса, ұзын-сонар кезекке тұратындарын айтады. Автогаздың тапшылығын бекет қызметкерлері де ашық айтуда.