Түркістан
EN

Шәуілдір ауылында түйеқұстың бір жұмыртқасы 12 мың теңгеге сатылады

272
27.07.2023

Отырар ауданы Шәуілдір ауылының тұрғыны түйеқұстың бір жұмыртқасын 12 мың теңгеге саудалауда.  Оның салмағы  2-2,5 келі болады екен. Шәуілдірлік Жанұзақ Әлзақұлы түйеқұс бағумен 5 жылдан бері айналысып келеді. Африкалық құстың бұл түрі, өнімді көп беріп, аса қатты күтімді қажет етпейді. Шаруаның түйеқұстары екі күнде бір рет жұмыртқалайды. Соның өзіңде Жанұзақ Ерімбетов 3 түйеқұстан бүгінде 200 мыңнан аса табыс тауып отыр.