Түркістан
EN

Шетелдік студенттер Түркістанда қазақ мәдениетімен танысуда

65
27.07.2023

Адам құқығы - ең қымбат қазына. Еліміздің Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаев Түркістанға келді. Ол адам құқығын қорғау бағытына ерекше назар аударып, бұл қоғамның даму деңгейіне әсер ететіндігін мәлімдеді. Оның айтуынша ұлттық орталыққа 6 ай ішінде 3 мыңға жуық арыз түскен. Оның көпшілігі құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне байланысты екен.  Сондай-ақ, соңғы екі жылда үй жағдайында 300 адам көз жұмып, 37 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  Бұл өткен жылмен салыстырғанда өте көп екенін атап өтті. Сондықтан осы мәселені шешу жолында атқарылып жатқан жұмыстарды айтты.Шетелдік студенттер Түркістанда қазақ мәдениетімен танысуда. Түркия елінің жоғарғы оқу орнында оқитын 9 елдің студенттері Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-не жазғы оқуға келген. Студенттер қазақ тілін меңгеруге ниеттеніп, ата-баба салт-дәстүрін үйреніп жатыр.