Түркістан
EN

Қ.Тоқаев бірнеше елде Құранның өртелуіне қатысты пікір білдірді

123
26.07.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше мемлекетте Құранның өртелуіне қатысты пікір білдірді. Мемлекет басшысы Солтүстік Еуропаның елдерінде болған Құранды өртеу актілерін халықтар мен мемлекеттер арасындағы сенімге нұқсан келтіруге бағытталған арандатушылық әрекет деп санайды. Президенттің пікірінше, бұл істер  жалпыға ортақ нормаларға қайшы келетін акциялар ретінде бірауыздан айыпталуға тиіс. БҰҰ Бас Ассамблеясы да бұл мәселеге қатысты өз ұстанымын білдіруі керек", - деді мемлекет басшысы.