Түркістан
EN

Түркістан облысының жылыжай шаруашылықтарына 150 мың тонна Шұбаркөл көмірі жеткізіледі

80
26.07.2023

Түркістан облысының жылыжайларына 150 мың тонна Шұбаркөл көмірі жеткізіледі. Бұл келісімге еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму , Ауыл шаруашылығы министрліктері мен Түркістан облысы әкімдігінің, және көмір жеткізуші операторлармен бірнеше рет келіссөздер жүргізудің нәтижесінде қол жеткізілді. Сондай-ақ, құзырлы орындар қатты отының бағасын бақылауға алып, сауданы ретке келтіруді қолға алды. Өткен қыста көмірдің бағасы күрт қымбаттап, оңтүстіктегі шаруалар жылыжайлардағы көкөністерін үсітіп алған болатын. Соның салдарынан біразы шығынға батып, үкіметтен көмек сұрады. Диқандар Шұбаркөл көмірін делдалсыз жеткізіп беруді сұраған еді. Қатты отынның облысқа тікелей жеткізілетінін естіген шаруалар қыстан қиналамай шығатындарына сенімді.