Түркістан облысында алимент төлеуден жалтарған 89 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы, облыста іздеуде жүрген борышкер саны – 461. Жыл басынан бері үш айдан астам берешегі бар 136 борышкер анықталған. Олардың басым көпшілігі жұмыссыздықты сылтау еткен. Сондықтан борышкерлер тізімі қалалық, аудандық халықты жұмыспен қамту орталықтарына ұсынылды. Нәтижесінде, 32 адам жұмысқа тұрды. 2023 жылы алимент өндіру санаты бойынша 22 мыңға жуық атқарушылық құжат орындауда болған. Бүгінде оның 2 159-ы толық қаралды.