Түркістан
EN

Шымкентте 10 жастағы бала субұрқаққа батып кетті

88
25.07.2023

Шымкентте он жастағы бала субұрқаққа батып, көз жұмды. Қайғылы жағдай қалалық әкімдіктің алдындағы субұрқақта болды. Куәгерлердің айтуынша, шомылып жүрген баланың жанында ата-анасы болмаған. Ол өзге балалармен бірге субұрқақтың су жинайтын жеріне секірген. Оның тереңдігі 1 метр 20 см болған. Қалған жеткіншектер жүзіп шықса, марқұм су жұтып батып кеткен көрінеді. Оның жансыз денесін көрген жасөспірімдер дереу полицейлерді шақыртқан. Қазір қайғылы жағдайдың мән жайы анықталып жатыр. Айта кетейік, қалада 31 субұрқақ бар болса, оның 25-і істеп тұр. Басым көпшілігінде жаз мезгілінде балалар шомылады.