Түркістан облысындағы Сайрам ауданында жаңа заманауи білім ордасы өз жұмысын бастады. 3000 оқушыға шақталған мектеп мемлекеттік-жеке-меншік әріптестік негізінде салынып отыр. Хан сарайы іспеттес білім ордасының құрылысына 1,5 млрд теңге жұмсалған. Мектептің жай-күйімен танысуға Түркістан облысына іс-сапармен келген Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова да келді.