Түркістан
EN

Түркістан облысында 11 адам қырым қанды безгегін жұқтырды

117
25.07.2023

Түркістан облысында қырым қанды безгегін жұқтырғандар саны 11 адамға жетті. Бұған дейін кенеден жұғатын кеселден 15 жастағы жасөспірім қайтыс болған еді. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, жаз маусымы басталғалы бері 1126 тұрғынды кене шағып, медициналық ұйымдарға қаралған. 53 адам Қырым қанды безгегін жұқтырды деген күдікпен дәрігерлердің бақылауына алынған. Жағдай ушыққан соң өңірде екінші рет залалсыздандыру жұмыстары басталды. Облыстағы 835 елдімекеннің 132-сіндегі санитарлық қорғау аумақтарында дәрілеу жұмыстары қайта жүргізілуде. Ал ветеринарлар малдарды тоғытуды қолға алған. Мамандар қауіпті кезең қазан айына дейін жалғасады деп отыр.