Дәл осы ай еліміздің қай өңірінде болсын жеміс-жидек саудасы қызып тұрған шақ. Әсіресе жеміс-жидек пен азық-түлік арзан деп саналатын жылы аймақ Түркістан облысында қауын қарбыз арзандап кетті. Бір данасы 300 теңгеден саудаланып жатыр. Бүгін сондай дүңгіршектердің біріне тілшіміз барып қайтты. Күн астында нәсібін тапқан сатушының жайы қалай екен? Келесі сюжеттен көрейік!