Түркістан облысы жасанды балық өндіруден республика бойынша бірінші орынға шықты. Бүгінде аймақта тауарлы балық өсіру ісімен 156 кәсіпкерлік айналысады. Солардың бірі «Көмеш» балық шаруашылығы. Онда инкубациялық цех жүйесімен жасанды балықтар өсіріледі. Балықты қалай бизнес көзіне айналдыруға болады? Одан түсетін табыс қанша? Тілшіміз анықтап көрді.