Енді елімізде «Үздік YouTube арнасы» және «Үздік подкаст» номинациялары бойынша сыйлық беріледі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі І Халықаралық медиа және туризм форумында мәлімдеді. Сондай-ақ министр Қазақстандағы креативті индустрияны дамыту үшін бірқатар нақты жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.