Түркістан
EN

Елімізде 43 градусқа дейін ыстық болады

78
24.07.2023

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде қатты ыстық болады. Синоптиктер қатарынан бірнеше облыста ауа райына қатысты дабылды ескерту жариялады. Алдағы күндері елдің басым бөлігінде сынап бағанасы +40 градусқа дейін көтеріледі деп болжануда. Тіпті, Түркістан облысында ауа температурасы +43 градусқа дейін жетеді. Ал Солтүстік Қазақстан облысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақмола облысында жоғары өрт қауіпі сақталады.