Бокстан жасөспірімдер арасында Түркістан облысының біріншілігі басталды. Байрақты бәсекеге өңірімізден әр ауданынан іріктелген 213 спортшы қатысып жатыр. Олар 14 салмақ бойынша өзара кіл мықтыны анықмтамақ. Шаршы алаңға шыққан жасөспірім боксшылар барын салып бағуда. Алғаш болып рингке көтерілген 44 келідегі Созақ ауданының спортшысы Жақсылық Елубай алғашқы кездесуінде жеңіске жетті. Біріншілік жеңімпаздары 12-17 қазан аралығында Оралда өтетін Қазақстан аймақтық жарысына жолдама алатын болады.