Түркістан облысының аудандарындағы мәдениет үйлеріне үйірме жетекшілері ауадай қажет. Тіпті, музыкалық аппаратурасы мен сахналық киімдері мүлде жоқ клубтар бар. Аймақтағы мәдениет мекемелері бас қосқан жиында саланы ақсатып тұрған ахуалдар кеңінен айтылды. Сондай-ақ елдімекендердің мәдениетін көтеретін тың жобалар ұсынылды. Еркін форматтағы кездесуге тілшіміз Бақдәулет Анарбай да қатысып қайтқан еді.