Түркістан облысының прокуроры 6 айдың қорытындысы бойынша арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Мұрат Тлеубердиевтің сөзінше, жарты жылда прокуратураға азаптауға қатысты 25 арыз тіркелген. Облыста азаматтарды азаптауға жол берген Ордабасы ауданының 4 полиция қызметкері бас бостандығынан айырылған. Сондай-ақ, прокуратураның ықпалымен құқық қорғау органдары ғимараттарындағы «соқыр аймақтарды» жою бағытында 3 мыңнан аса бейнекамералар орнатылыпты. Қоғамдық мүддені қорғау саласында 51 мың тұлғаның құқықтары қорғалып, жұмысшылардың 2,1 млрд. теңге жалақы қарыз өндірілген. Енгізілген қадағалау актілерімен 1664 тұлға түрлі жауапкершілікке тартылған.