Түркістан
EN

Араб елдері Қазақстанға инвестиция құяды

94
20.07.2023

Араб елдері Қазақстанға қомақты инвестиция құяды. Олар әсіресе энергетика, көлік транзит салаларын қолдауға дайын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия мен Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесіне» қатысты. Алғашқы саммит отырысына парсы шығанағындағы  Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Қатар, Кувейт, Бахрейн, Оман сынды 6 мемлекет және Орталық Азияның бестігі қатысты. Шығанақтағы елдердің әлем экономикасында бәсі басым. Саяси ықпалы, экономикалық, инвестициялық әлеуеті зор. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев саммитте ынтымақтасудың бірқатар бағытын ұсынды. Әуелі тауар айналымы. Қазақстан араб елдеріне қысқа мерзімде 400 миллион доллар болатын 100 түрлі тауар экспорттауға дайын. Екінші бағыт – инвестиция. Президент шығанақтағы алты елді Қазақстанға қаржы құюға шақырды.