Түркістан
EN

Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өлімі: Аудандық сот төрағасы қызметінен босатылады

147
19.07.2023

5 жастағы қыздың өліміне күдіктіге заңсыз үкім шығарған Сарыағаш аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылады. Бұл туралы Жоғары соттың баспасөз қызметі мәлімдеді. Күдікті бұған дейін кісі өлтіріп, 10 жылын абақтыда өткізген. Биыл мамыр айында ауылдасына балтамен шабуыл жасап, тағы да қылмыстық әрекетке барған. Дегенмен, сот оған 3 жыл ғана бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарған. Осы іс бойынша салғырттық танытқан пробация қызметкерлерін де тексеру басталды.