Қазіргі жастар бұрынғы буын аға-әпкелері секілді күннің астында қақталып жүре бермейді. Ультра күлгін сәуледен сақтанудың бар амалын жасауға ұмтылады. Соның бір жолы – СПФ-крем жағу. Жағажай, қала тұрмақ ауылдардың өзінде күн қатты ысыған соңғы апталарда күнге арналған кремге сұраныс күрт өскен. Бір ғана мысал Түркістан облысы Жетісай ауданының базарларында күнделікті кем дегенде елуден астам күнге қарсы крем сатылады екен.