"Мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көл көсір". Расында шопан ата түлігін бағып мол пайда тауып жүргендер аз емес. Соның бірі - СҚО Ақжар ауданында тұратын Тоқтасын Мәутен. Қытайдан келген қандасымыз осыдан үш жыл бұрын жүз бас қой алған, қазір соны мыңға жеткізген. Жеке шаруашылық ашып, мемлекеттен жайылым жерде алды. Толығырақ қоныс аударушы шопанмен тілдескен тілшіміз Алтынбек Әмиттің материалында.