Түркістан
EN

Түркістанда ер адам балаларға заңсыз діни сабақтар өткізген

129
19.07.2023

Түркістанда балаларға заңсыз діни сабақ өткізген ер адам анықталды. Ол 5 жастан 17 жасқа дейінгі 68 баланы үйіне жинап,  діни уағыздар айтқан. Арасында жергілікті оқушылардан бөлек, Абай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Өзбекстан республикасының балалары да бар. Ал, оқу ақысы 100 мың теңгеге бағаланған. Одан бөлек, полицейлер тұрғынның үйінен сараптамаға бағытталған 100-ден аса діни сипаттағы кітаптарды тәркіледі.